Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан астанасында ондаған мың оппозиция өкілдері ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Оқи отырыңыз:
Ал елдің қорғаныс министрлігінің айтуынша, ереуілдерге қарамастан премьер-министр өз қызметінен кетпейді. Әзірге ереуілден зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Шаһарда қауіпсіздікті сақтау үшін жүздеген әскери жұмылдырылды.
Саяси дода дейміз, бірақ жергілікті биліктің ықпалы көп, шешім қабылдауға араласады. Сайлау нәтижесін бұрмалауға жол беріледі. Әділдікті талап етеміз. Бұл қылмыс қой, енді мұндай қылмыстың жолын кесеміз, - деді "Джамаат улема-е-Ислами" партиясының көшбасшысы Фазл-Ур-Рехман.