Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы заң ғылымдарының докторы Төлеш Қаудыров «Екінші республиканың Конституциясы» тақырыбында өткен Қазақ ұлттық өнер университетінің жастарымен кездесу барысында айтты.
1993 жылдың егемен елдің Конституциясын әзірлеудің жұмыс тобына қатыстым. 1995 жылы қабылданған Конституцияға өзгерістер енгізіліп, референдум болғалы жатыр. Бірінші Конституция мен қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізу бірдей ме? деген сұрақ туындайды. Қазіргі конституциялық реформа - көштің басы. Саясат пен мемлекеттің дамуында тым тез жасалатын процестер болмауы керек. Ол миллиондаған адамның тағдыры мен экономикамызға байланысты болып отыр. Өзгерісті кезеңдеп жүзеге асыру керек, - деді ол.
Қаудыров атағандай, конституциялық процесс аясында түбінде демократиялы елдің Конституциясын жасап шығарамыз.
Суперпрезиденттік республикадан жай республика құрамыз деп жатырмыз. Ол Парламент пен Үкіметтің, сот жүйесінде сәйкестік болуы керек. Біреуі күшейіп кетпеуі керек, - деді ол.
Кездесуге Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысты.