Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық альянсының төрайымы Бану Нұрғазиева референдумды қолдау штабы мүшелерінің телекөпірі барысында айтты.
Наурыз айында Мемлекет басшысы Жолдауында реформалар туралы айтты. Енді оларды жүзеге асыру қалай болатыны барлығымызға сұрақ туындатты. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің барлығы-тиімді. Президент өз өкілеттігінің біршамасын Парламентке беріп отыр,- деді ол.
Нұрғазиеваның айтуынша, конституциялық кеңестің орнына енді сот болады.
Оған кез келген адам жүгініп, шешімін күте алады. Омбудсмендердің де қызметі күшейеді. Ол конституциялық статус алып отыр. Ешбір мемлекеттік органға бағынбайды. Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен осы мәселелерді талқылаймыз. Республикалық қоғамдық штаб құрылды. Бүгін телекөпір барысында өңірдегі өкілдікердің өкілдері қатысады. 17 өңірден өкілдер қатысады. Референдумға барлығы бұл өзгерістер өздеріне керегін түсінген кезде, барлығы қатысады. Бұл өзгерістер мемлекетке емес, әрбір адамға керек,- деді ол.