"Өзенмұнайгаз" кәсіподағының төрағасына ірі көлемде айыппұл салынды

1 Қараша 2023, 02:28
521
Бөлісу:
"Өзенмұнайгаз" кәсіподағының төрағасына ірі көлемде айыппұл салынды

Кәсіподақ төрағасы пара бермек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен «ӨзенМұнайГаз» АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасы Қ. Мамаевқа 1,5 млн теңге көлемінде пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін 30 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі басқару лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы