«ӨзенМұнайГаз» директорының орынбасары сотталды

11 Наурыз 2024, 18:52
478
Бөлісу:
«ӨзенМұнайГаз» директорының орынбасары сотталды

Ақтау қалалық сотында «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу органы оны салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) және аса ірі мөлшерде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген (ҚК 365-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен деп айыпталды.

Сот анықтады:

Жауапкер К., «ӨМГ» АҚ директорының мұнай және газ өндіру жөніндегі орынбасары, сонымен қатар аталған кәсіпорынның конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұра, бұрғылау жұмыстарына тендер өткізу кезінде ол белгілі бір компанияның мүддесін қорғап, басқа компанияға зиян келтірген.

Жауапкер К. «К» ЖШС жеңімпаз деп танылған 2023 жылғы 20 наурыздағы тендер қорытындылары туралы хаттаманың күшін жоймай, 2023 жылғы 29 наурызда дәл сол лоттар бойынша тендер өткізу туралы заңсыз шешім қабылдаған.

К. өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, «А» ЖШС-нің өтініші әлеуетті өнім берушілердің талаптарына сәйкес келмейтінін біле тұра, өз өкілеттіктерін «А» ЖШС-нің мүдделерін қолдау мақсатында пайдалана отырып, 2023 жылғы 29 наурызда қайталама жиналыс өткізіп, нәтижесі бойынша барлық 4 лот «А» ЖШС аукциондарына жіберу туралы шешім қабылданды.

Конкурс қорытындысы бойынша бағаны барынша төмендеткен «А» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, қызметтердің жалпы құны 2,7 млрд теңгеден астам сомаға төмендетілген. (ҚК 365-бабы)

Сонымен қатар, жауапкер К., «ӨМГ» АҚ мен «АМСК» ЖШС арасында жасалған сорғы және компрессорлық құбырларды жалға беру туралы шарт талаптарының орындалуын тексермей және қадағаламай, орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып, 21 749 456 млн.теңге сомасындағы жалдау ақысын төлеуден ұстау шараларын қолданбай салғырттық танытқан.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, кепіл хаттарымен, атқарылған жұмыс туралы анықтамалармен, шот-фактуралармен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді.

Тараптардың позициясы:

Прокурор К-ны жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстардың жиынтығын негізге ала отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

Соттың шешімі:

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кішкентей балаларының болуын және тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орындарынан оң мінездемесін ескерді.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде, қызметтік бапта және шартта көрсетілген сенімді пайдалана отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны танылды.

Сот үкімімен:

К. ҚК-тің 371- бабының 2-бөлігі, 365-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, 58- бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны өмір бойы мұнай-газ саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы