Өздері шешеді. Дәулет Тұрлыханов әйелді ұрған тағы бір ұлы жайлы айтты

6 Қыркүйек 2023, 12:16
1029
Бөлісу:
Өздері шешеді. Дәулет Тұрлыханов әйелді ұрған тағы бір ұлы жайлы айтты
Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы әйелге қол көтерді. Депутат ұлының әрекетіне қатысты пікір берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ата-ана ретінде кім баласын жаман болсын дейді? Бұл - бір. Әкежан ересек адам, сондықтан бұл істі өздері шешеді, - деді депутат.

Журналистердің «әке ретінде балаларыңызға кеңес айтасыз ба?» деген сұрағына «әрине» деп жауап берді.

Бұл ересек адамның жеке шаруасы. Мен бұл жаңалықты қазір сізден естіп тұрмын. Бұл туралы білген жоқпын, - деді Тұрлыханов.

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың баласы Әкежан Тұрлыханов әйелді ұрып-соқты деген ақпарат тарағанын еске сала кетейік.

Одан бөлек, биыл 15 ақпанда Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққы астына алғанын хабарлаған болатынбыз. 

Кейін депутат әлеуметтік желілерде дау тудырған ұлының іс-әрекеті үшін кешірім сұрады.

Дәулет Тұрлыхановтың 6 баласы бар.

Өзгелердің жаңалығы