Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Дархан Әскентай өз уәжін айтты. Ол оқиғадағы басты себепті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қандай мақсатта ұрғанын білмеймін. Бірақ мәселе ақшада болған жоқ. Ақшаны сылтауратып, маған тақалып алды. Біз мұны өзіміз дәлелдегіміз келді. Біз соны дәлелдей алмадық, кейін жазым жағдай болып кетті, – деді сотталушы.
Дархан Әскентай оқиға алдында Шерзаттың әкесіне мән-жайды түсіндірмек болғанын айтты.
Мен ол кісіге (Қаржаубайға – ред.) бәрін түсіндіріп айттым. Жалпы бұл жағдайда түсіндіре алмай кеттім. Не себепті ұрғанын да білмеймін. Олар “ақша төлеген жоқ” деп алды да, досыма да солай айтты. Басқа сылтаулары болмады, – деді ол.
Жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушыдан “кейін сізге не істеді?” деп нақтылап сұрады.
Себепсіз агрессия танытып, маған не істедің деп. Мәселе ақшада болып тұр ғой… Өз тарапымызды дәлелдеп, қол алысып кетейік дегенбіз, – деді Әскентай.
Еске салсақ, Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді шақыру туралы өтініш жасады.
Сондай-ақ, сотта көліктегі дыбыстық файлдар тыңдалып, көліктегі сөз сотта жария болды.