Өзбекстанмен шекарадағы 2 ауыл Қазақстанға қосылды

26 Мамыр 2021, 04:20
2382
Бөлісу:
Өзбекстанмен шекарадағы 2 ауыл Қазақстанға қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Үкіметінің қаулысымен шекарадағы Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылды. Үкімет қаулысы Премьер-министрдің сайтында жарияланды.

Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №326 қаулысына сәйкес Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылып, өңірдің аумағы 795,62 гектарға ұлғайды.
Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген қаулыда.

Өзгелердің жаңалығы