Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде

2 Желтоқсан 2020, 17:34
2517
Бөлісу:
Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының Ózbekkino Ұлттық агенттігі Қожа Ахмет Ясауи жайлы «Мерос» фильмінің түсірілім жұмыстарын бастады, деп хабарлады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Фильмнің мақсаты  - 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы,  2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты, түркі елдері арасындағы бауырластықты насихаттау.

Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде

Фильмнің басты кейіпкері Өзбекстан Республикасының Қазақстанмен шекаралас ауылында тұратын Бахшилло ақсақал немересімен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жолға шығып, жол-жөнекей қазақ елінің қонақжайлылығы мен бауырмалдығы, екі ел халқының бір-біріне деген бауырмалдығы мен мейірімі, әкесі Абдулланың Сәрсен атты қазақ азаматымен жан достығы, оның аң аулау кезінде әкесін өлімнен құтқарғаны жайлы естелік әңгімелерін айтып береді. Әкесі Абдулла мен Сәрсен бір-бірімен айнымас дос болуға серттеседі.

Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде

Бахши ақсақал қазақ халқына әкесінің құрметі жөнінде әңгімелей отырып, Қазақстан шекарасына кіргеннен кейін байырғы досы Оралбайдың үйіне қонақ болады. Домбырамен ән айтып, сыр шертіскен соң Оралбай досы Бахшила мен немересіне ат пен түйе мінгізіп, Түркістанға шығарып салады. Ақсақал немересі Анварға жол бойына Қожа Ахмет Ясауидің тарихы және Түркістан жайлы қызықты әңгімелер айта отырып, қазақ жерінде тәрбиелік мәні зор түрлі оқиғалардың куәгері болады. Жолаушылар Түркістан қаласына келіп, Ясауиге құран бағыштап, асықпай тарихи орындармен танысады. 

Түрлі қызықты әрі мағыналы оқиғалармен сабақтастырылған киноның мазмұны осылай болмақ. Мамандардың айтуынша, туынды 2021 жылы жарыққа шығады.

Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде

Фильмнің режиссері  - Хилол Насимов.

Өзгелердің жаңалығы