Өзбекстанда «Жастар – болашақ жасампаздары» атты IV Халықаралық экология және туризм құрылтайы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ету.
Форумға Өзбекстан, Қазақстан және басқа да шет елдерден мыңға жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында конкурстар, семинарлар, спорттық жарыстар, экологиялық және туристік жобалардың таныстырылымдары, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған іс-шаралар өтті.
Сонымен қатар мәдени бағдарламалар, танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылды.
Қазақстандық команда құрылтайда сәтті өнер көрсетіп, КТК ойынында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Eco Fashion байқауында арнайы номинацияны да жеңіп алды.