Өзбекстанда таудан домалап түскен тас көлікті адамдарымен бірге мыжып тастады

Өзбекстанда таудан үлкен тас домалап, жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігін адамдарымен бірге мыжып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

 ©️t.me/kashyhxb 7 Қараша 2024 2024, 10:07
7 Қараша 2024 2024, 10:07
1717
Фото: ©️t.me/kashyhxb

Өзбекстанда таудан үлкен тас домалап, жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігін адамдарымен бірге мыжып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 6 қарашада сағат 16:00-де Қашқадария облысындағы Тахтакарача асуында болған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты.

Белгілі болғандай, көлік Китабтан Самарқандқа бара жатқан. Қайтыс болған азаматтардың жеке басы әлі нақтыланбаған. Әлеуметтік желіде ақпаратқа сенсек, көлік ішінде Венгрия азаматтары болған, ал жүргізуші өзбекстандық. Дегенмен әзірге бұл ақпарат ресми расталмады.

Қазіргі кезде асу көлік қозғалысы үшін уақытша жабық. Ол жерде арнайы мамандардың жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр.

Наверх