Өзбекстанда нан бағасы неге арзан? Министр жауап берді

20 Қазан 2023, 18:28
744
Бөлісу:
Өзбекстанда нан бағасы неге арзан? Министр жауап берді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев неге Өзбекстанда нан Қазақстанға қарағанда арзан деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сауда министрі журналистерге жалған ақпарат берілгенін айтты.

Нақты сандарға көшсек. Өзбекстанда ұн да, нан да қымбат. Мен арнайы түрде таңертең тексеріп көріңдерші дедім. Мысалы, Ташкентте нанның бір бөлкесі 120 теңге тұрады. Нан «кірпіш» деп аталады және ол ұнның бірінші сортынан емес, аралас ұннан жасалады. Біздің ұнның сапасы жоғары әрі оған йод қосылады. Бұл жарнама емес, факт. Біздің сол «кірпіш» сияқты нанымыз 95-100 тұрады, - деді министр.

Оның айтуынша, елімізде нанның орташа бағасы - 187 теңге. Сондай-ақ нан бағасы 92 пайыз ұнның бағасына байланысты болатынын айтады.

13 облыста бағаның өсуі байқалады. Министрлік шараларды қолға алды. 

Қазіргі таңда төрт облыста баға жоғары олар: Алматы, Астана, Ұлытау және Қарағанды. Баға көтеріліп кетпес үшін көтерме саудагерлермен жұмыс жүргізілді, - деді Шаққалиев.

Өзгелердің жаңалығы