Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда ұсталды

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ерболат Бекболат 20 Ақпан 2025 2025, 10:36
20 Ақпан 2025 2025, 10:36
652
Фото: Ерболат Бекболат

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар Ташкентте бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің қарсылығының арқасында шабуылдаушылар қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан. Екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған, - деп хабарлады ІІМ.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.

Наверх