Өзбекстанда балабақшада 25 бала уланып қалды

13 Тамыз 2021, 21:52
2647
Бөлісу:
Өзбекстанда балабақшада 25 бала уланып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда 6 бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр деп хабарлайды «Хабар 24». 

Біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл оқиға Ташкент облысындағы Аққорған шаһарында болған. 

Дәрігерлердің айтуынша, балалар ботулизм инфекциясын жұқтыруы мүмкін. Бұл - жүйке жүйесін зақымдайтын ауру. Қазір балалардың улануына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал бүлдіршіндер зардап шеккен балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Себебі мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 2 тәрбиешіден коронавирус инфекциясы анықталған. 

Аққорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бөлімше меңгерушісі: – Тамыздың 9-ы күні дәл осы балабақшаның бір тәрбиеленушісі ботулизм инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Бұдан кейін біз тиісті тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде күдік тудырған консервіленген тағам өнімдері табылып, сараптамаға жіберілді. Қорытындысы 12 күн ішінде дайын болады, - дейді Аққорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық стансаның бөлімше меңгерушісі Бишим Бабаев.



Өзгелердің жаңалығы