Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза бере бастайды.
Өзбекстанның IT-паркінің жеке тұлғаларға IT виза үш жылға дейін беріледі.
Яғни, бұл визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады. Оған қоса, Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алу құқығы қарастырылған.
Айта кетсек, виза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді.
IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады.