Өзбекстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты

7 Қыркүйек 2022, 08:32
2055
Бөлісу:
Өзбекстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты

6 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Мирзиеев Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты Тоқаевты қолдайтынын, сондай-ақ төтенше жағдайды жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.

Президенттер тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтудің өзекті мәселелерін қарастырған.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасқан. Осы айда Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитінің күн тәртібі талқыланған.

Өзгелердің жаңалығы