Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Президентімен хабарласқан Шавкат Мирзиеев осы оқиғаның салдарын жою үшін қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Өзбекстан президенті шахтада қалған кеншілерді тезірек құтқаруға үміттенетінін және осы оқиғаның салдарын жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты, - делінген Өзбекстан басшысының ресми сайтында.
Сондай-ақ телефон арқылы екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған.