Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда қытайлық Zhifei Loncom Biopharmaceutical компаниясы жасаған ZF 2001 вакцинасының үшінші клиникалық сынағы жалғасуда.
Бұл туралы ӨзА агенттігі хабарлайды.
Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, ZF 2001 вакцинасының ІІІ фазалы сынақ кезеңіне қатысуға ниет білдірген еріктілер саны 14 008 адамға жетті.
5 ақпан күнгі жағдай бойынша атаулы вакцинаның 1-дозасын 6484, 2-дозасын 1045 ерікті қабылдаған. Сонымен қатар вакцина алу ниетте келген әрбір азамат тіркеуден өтеді және олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кейінгі жағдай бойынша оның антропометриялық белгілері - бойы мен салмағы өлшеніп, иммуноферментті анализін (IFA) алуы керек. Бұл тексерудің нәтижесі 20 минут ішінде дайын болады. Бұл тест қанда вирусқа қарсы антиденелердің бар-жоғын анықтайды. Ол азаматтың коронавирусты бұрын жұқтырғанын білу үшін қажетті фактор, - делінген хабарламада.