Өз өнімдеріңізді реестрге енгізуге өтінім жолдаңыздар – Мусин

2 Шілде 2021, 13:21
1495
Бөлісу:
Өз өнімдеріңізді реестрге енгізуге өтінім жолдаңыздар – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында ғана ІТ саланы қолдау мәселелері мен бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарымыз жайлы талқылаған едік. Осы нарық үшін тағы бір жақсы жаңалық бар, деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.

ҚР Мәжіліс депутаттарының бастамасы мен әріптестерімнің еңбегінің арқасында сенімді өнімдер реестріне енгізілген қазақстандық ІТ-компанияларға квазисектор сатып алулары кезінде басымдық берілетін болды. Осындай түзету енгізілген Заңға Мемлекет басшысы қол қойды, заңнама 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Былтыр 5,6 млрд теңгеге реестрдегі АКТ өнімдер сатып алынған болатын, ал IT мен цифрландыру саласын дамыту үшін сатып алынатын жаңа сервистер мен шешімдердің құны жылдан жылға өсетіні анық. Сондықтан барлық отандық ІТ компанияларға айтарым, осы мүмкіндікті пайдаланып, өз өнімдеріңізді реестрге енгізуге өтінім жолдаңыздар, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы