Өз бастамаларын іске асыру үшін белсенділер 500 мың теңгелік шағын гранттарға ие болды

14 Қыркүйек 2022, 21:34
1272
Бөлісу:
Өз бастамаларын іске асыру үшін белсенділер 500 мың теңгелік шағын гранттарға ие болды
PHOTO

Әлеуметтік жобалар өмір сүру сапасын арттыруға және жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді деп жоспарлануда,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл  туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Бүгінгі таңда еліміздің түрлі өңірлерінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда.

Өз бастамаларын іске асыру үшін белсенділер 500 мың теңгелік шағын гранттарға ие болды

Республикалық жобаны іске асырушылардың айтуынша, шағын гранттар ұсыну жөніндегі  конкурсқа 250-ге жуық бастамашыл топ пен ҮЕҰ қатысты. 

Өтініш берушілердің ұсынған жобалары ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде жаңа мамандықты меңгеруге және азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге, жастардың бос уақытын ұйымдастыруға, ауыл халқының цифрлық, қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды.Ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың арасынан үздік деп танылған 50 жеңімпаз сомасы  500 мың теңгеге ие болып, өз идеяларын жүзеге асыруға сыбана кіріскен. 

Өз бастамаларын іске асыру үшін белсенділер 500 мың теңгелік шағын гранттарға ие болды

Бұның алдында грант алушылардың барлығына әлеуметтік жобалау жөніндегі оқыту ұйымдастырылған болатын.Ұйымдастырушылардың айтуынша, азаматтық белсенділердің белсенділігі арқасында көптеген жергілікті мәселелер практикалық тұрғыда шешіледі деп күтілуде.

Байқауға келіп түскен 244 өтінімнің 186-сы іріктеліп алынды. Өтінімдердің басым бөлігі  Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарынан келіп түскен болатын. Содан кейін сарапшылар комиссиясы 50 жеңімпазды анықтады. Ауыл тұрғындарының кіші Отанының гүлденуіне үлкен үлес қосатыны қуантады. Қоғам белсенділері ауыл тұрғындарына қажетті көптеген қызықты идеялар мен жобаларды ұсынды, - дейді жоба жетекшісі Лидия Грабар.

Мәселен, Атырау облысының Геолог ауылындағы «Беймахис» ҚОҚ командасы балаларға арналған «Бөбек» ойын алаңын салды. 

Гранттық қаражатқа ұйым учаскені қоқыстан тазартып, әткеншек, орындықтарды орнатты. Құммен ойнауға арналған орынды абаттандырды,Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны, «Бастау» бастамашыл тобының жетекшісі Бауыржан Ерғалиев өзі туған Алмалыбақ ауылында экологиялық жағдайды жақсартпақ. 

Өз бастамаларын іске асыру үшін белсенділер 500 мың теңгелік шағын гранттарға ие болды

Жігіттер мен қыздар жуырда ағаш талдарын егуді, сенбілік өткізуді, аллеяны абаттандыруды жоспарлап отыр.

Жоба ұйымдастырушыларының пікірінше, шағын гранттар еліміздің түрлі өңірлерінде қоғамға пайдалы жобаларды іске асыруға және жергілікті қоғамдастықтардың көшбасшыларын анықтауға мүмкіндік береді.

«Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы осы жылдың соңына дейін жалғасады. Жоба операторы –азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Өзгелердің жаңалығы