Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты

22 Қыркүйек 2022, 13:42
1827
Бөлісу:
Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты
PHOTO

1992 жылдан бері қазақстандық 1329-ға жуық маман Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық (ITEC) курстарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үндістан елшілігі Астанада Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық (ITEC) күнін атап өтті. Шараға ITEC түлектері, жергілікті оқу орындарының өкілдері және журналистер – жалпы 100-ден астам адам қатысты.

Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты
Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубхдаршини Трипати Қазақстан 1992 жылдан бастап Үндістанның ITEC бағдарламасы бойынша серіктесі екенін атап өтті. 

Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты

Содан бері Қазақстаннан 1329-ға жуық маман, оның ішінде 1041-ге жуық азаматтық қатысушы және 288-ге жуық әскери қызметші ITEC шеңберінде ұсынылатын біліктілікті арттыру бойынша қысқа мерзімді мамандандырылған оқыту бағдарламаларына қатысты. 2 жылдан астам үзілістен кейін, тұрақты ITEC курстар қайтадан іске қосылды, – деді дипломат. 

Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты
Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты

Елшінің айтуынша, Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай, Қазақстан үшін ITEC бағдарламасы бойынша оқу орындарының саны 75-тен 100-ге дейін ұлғайтылды. 

Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты

Бұл Қазақстанның көптеген маманына, сарапшыларына және студенттеріне алдағы жылдары ITEC бағдарламасының артықшылықтарын пайдалануға және  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық прогресіне, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарға ықпал етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Шубхдаршини Трипати.

Шараға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова қатысты. Сондай-ақ, ITEC түлектері Үндістанда оқудың артықшылықтары мен қызықты сәттерін бөлісті.

Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты
Отыз жылда 1,3 мыңнан аса қазақстандық Үндістанның ІТЕС курсына қатысты

Айта кетейік, ITEC 1964 жылдың 15 қыркүйегінде іске қосылды. Бұл – Үндістанның 160 серіктес елдерімен және жыл сайын Үндістандағы 1000-ға жуық жетекші оқу орындарында оқыту үшін 13 көпжақты агенттіктермен әлеуетті арттыруға арналған Үндістанның даму ынтымақтастығының флагмандық бағдарламасы. Толығырақ https://www.itecgoi.in/meaportal/homepage сайтынан қарауға болады. 

Өзгелердің жаңалығы