Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

8 Маусым 2022, 19:16
1989
Бөлісу:
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы мен қолдауының арқасында 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның 7 қаласында «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асты.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиевамен тілдестік.

Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

Ең алғаш бұл жобаны біз 2021 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында бастағанбыз. Ол кезде бұл жоба тек қана Нұр-Сұлтан қаласында ғана жүзеге асырылды. 11 жерде өткізілді. 2022 жылдың сәуір айынан бастап жобаның ауқымын кеңейттік. Алматы,Нұр-Сұлтан,Талдықорған,Атырау,Петропавл және Шымкент қалаларында «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бұл жобада жүз жиырмаға жуық бапкер  жұмылдырылған. Ал Нұр-Сұлтан  қаласы бойынша отызға тарта жаттықтырушылар бар. Жас шектеулігі жоқ. Балалар мен егде жастағы адамдар өздеріне ыңғайлы спорт  түрімен айналыса алады. Тек каратэге 7 жастан бастап қабылданады. Спортпен шұғылдану тегін,шұғылданушыларды қажетті құралдармен қамтамасыз етеміз, - дейді Мадина Айтқалиева.

Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

Бүгінде отыз мыңға жуық Қазақстандықтар қолжетімді спортпен айналысуда. Оның ішінде сегіз мыңнан астам елордалықтар  спорттың 5 түрімен (скандинавиялық  жүріс, жүгіру, каратэ, үстел теннисі, фитнес) аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері таңғы және кешкі уақыттарда айналысады екен.

Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

«Скандинавиялық жүріспен айналысқаныма жеті жыл болды. Бұл спорт түрі өзіме қатты ұнайды. Өйткені скандинавиялық  жүріс бәріне қолжетімді. Бұрын бұл спорт түрімен зейнеткерлер шұғылданса, қазір жастар қызығушылық танытуда. Мысалы менің тобымда шұғылдаушылардың жартысы жастар. Олар бұл спорттың түрі денсаулыққа пайдалы екендігін біледі. Ешандай ауыртпашылықсыз 90 пайыз бұлшық ет жұмыс істеп, омыртқа мен тізеге түсетін салмақ 30 пайызға жеңілдейді. Бұл өте маңызды. Скандинавиялық  жүріспен күнделікті айналыссаң,біртіндеп денсаулығың қалпына келеді. Оның ерекшелігі де осыда. Ол біраз аурулардың алдын ала алады.

Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

Скандинавиялық жүрістің өзіне тән ережесі бар. Қолыңа таяқты ұстап алып жүре беру,спортпен шұғылдану деген сөз емес. Оны да дұрыс қолдана білу қажет.

Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

Скандинавиялық жүріске арнайы шығарылған таятар,шаңғының таяғына қарап шығарылған. Оның балалар мен ересектерге арналған түрлері бар. Адамның бойына байланысты түрлі ұзындықтары болады. Мысалы менің бойым 167 см , қолымдағы таяқтың ұзындығы 110 см. Жоба аясында аптасына екі рет тегін сабақ жүгізіледі. Ал қалған уақытта ақылы, - дейді Скандинавиялық жүріс бойынша жаттықтырушы Гүлзифа Абилова. 

Скандинавиялық жүріспен шұғылданушылармен де тілдестік. 

Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

74 жастағы апам бар. Екеуміз екі айдан бері скандинавиялық  жүріспен айналысып жүрміз. Өзімізге қатты ұнайды. Осы екі айдың ішінде 3 кг арықтадым. Байқағаным жүрек қан тамырлар ауруларының алдын алуға не емделуге көмектеседі.Ең бастысы жаңа таныстармен қауыштырып, адам бойыа сергектік ұялатады, - дейді  Айымгүл Жанситова.

Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады

Сабақтарды жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері және білікті нұсқаушылар елордадағы «Триатлон», «Орталық», «Жетісу», «Жерұйық» саябақтарында, «Ботаникалық» бақ, орталық «Арбат» және Пушкина көшесінде де орналасқан ЕҰУ аумағында өткізеді.

Автор: Раушан НҰРҒАЛИЕВА

Фотограф: Мерғалиев Нұркен Серікұлы

Өзгелердің жаңалығы