Отставка дауы: Оны шешетін тек бір кісі бар

13 Маусым 2022, 21:05
1219
Бөлісу:
Отставка дауы: Оны шешетін тек бір кісі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинға журналистер тарапынан отставка жөнінде сұрақ қойылды.

Қаңтар оқиғасынан кейін әсіресе Facebook желісінде әкімнің отставкаға кетуін талап ететіндер көбейгені белгілі. Бұған қатысты әкім өз жауабын берді.

Сіз қызметтен кетуіңіз керек деген талап қойылып жатқан уақытта менің айтарым: оны шешетін тек бір кісі бар – Президентіміз. Ол мені осы қызметке тағайындады. Егер мені осы қызметке лайықты десе, мен қызметті жалғастырып, атқара беремін. Егер осы қызметті атқара алмайтын жағдай болса, ол кісі басқа талап қояды, – деді ол.

Әкімнің пікірінше, олай талап қоятындардың ішінде біреудің сөзіне еріп кеткендер де, эмоцияға салынғандар да бар.

Мен бұл жерде ешкімге ренжімеймін. Мұндай талапты кешегі Шошқабаздың жабылғанын қолдаушылар да қойды. Тіпті елордамызға келіп, сол петицияларын тапсырмақшы болды. Содан не шықты? Дәл сондай петицияға қол жинамайды емес, жинайды. Себебі артта тұрған кейбір күштер бар. Бірақ бәрі де заң аясында шешіледі. Ал менің қызмет атқару-атқармауым Мемлекет басшысына байланысты, – дейді Оңдасын Оразалин.   

Өзгелердің жаңалығы