Өткізу пункттерін цифрландыру транзиттік әлеуетті күшейтеді – Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов

Қазақстандық тарапта 30 өткізу пункті жаңғыртылуда.

 Үкімет / телеграмм каналы Кеше 2026, 23:12
Кеше 2026, 23:12
141
Фото: Үкімет / телеграмм каналы

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан мен Ресей үкіметтері басшыларының екіжақты келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей кеден жүйелерін цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Транзиттік тасымалдарды қадағалау процесінде физикалық тексеру мен бақылау алынып тасталды. Бұл жобаны кеңейту жоспарлануда.

Біз бизнестің ешқандай кедергісіз және қажетсіз бақылау шараларынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін экономикаға пайдалы шешім қабылдаймыз. Осыған байланысты жаңа цифрлық шешімдер қолданылуда. Мәселен, биылғы 11 ақпанынан бастап навигациялық пломбалар бойынша жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды, – деп атап өтті ҚР Қаржы вице-министрі.

Сонымен қатар теміржол саласы рұқсаттар мен декларацияларды ресімдеу жұмыстың электрондық форматына көшті. Жоспарларға барлық тауар-көлік жүкқұжаттарын электрондық форматқа ауыстыру кіреді, бұл өзара сауданы ашық етеді.

Қазақстандық тарапта 30 өткізу пункті жаңғыртылуда. Жөндеу кезінде объектілер жұмысы тоқтатылмай, көрші елмен синхрондалған. Қозғалыс жолақтарын кеңейту, және өткізу пункттерін заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру шекарада бақылауды тиімді қамтамасыз етеді әрі жүктерді өңдеу уақытын қысқартады.

Біздің ортақ міндетіміз – екі ел арасындағы тауар айналымын жылына $30 млрд-қа дейін арттыру, – деп атап өтті Ержан Біржанов.

Наверх