Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғады

2023 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың мыңнан астам кәсіпорны 28 мың жұмыскерге 6,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 16 Қаңтар 2024 2024, 12:00
16 Қаңтар 2024 2024, 12:00
811
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың мыңнан астам кәсіпорны 28 мың жұмыскерге 6,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 447 нұсқама беріліп, 200,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 26,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,8 млрд теңге төленді.

Наверх