2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша 42 станса пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Статистикалық бюроның мәлімдеуінше, іске қосылған нысандардың нақты құны 3 миллиард теңгеден астам соманы құрады.
Өңірлік бөліністе автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясын пайдалануға берудің ең үлкен көлемі Түркістан және Атырау облыстарында, тиісінше 14 және 6 объектіден.
Үш өңірде бір-бір нысаннан енгізілді. Бұл Қарағанды мен Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.