Өткен жылы 728 мыңнан астам адам АӘК алды

26 Қаңтар 2023, 13:02
746
Бөлісу:
Өткен жылы 728 мыңнан астам адам АӘК алды

2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек  141,5 мың отбасынан 728,7 мың адамға тағайындалды, бұл мақсаттарға бюджеттен 59,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше,  АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа АӘК көрсету тетігін іске асыру шеңберінде 2020 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды заттай түрдегі кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – КӘТ) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.

2022 жылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі шамамен 204,6 мың АӘК алатын балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде КӘТ тағайындалды.

Азаматтардың КӘТ-ті заттай форматтан ақшалай форматына ауыстыру туралы ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған КӘТ-ті монетизациялау жүзеге асырылды. Өнімдер мен тұрмыстық химия жиынтығын ұсынудың орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем белгіленді. Осылайша, ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай өз бетінше азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдау алу құқығын автоматты режимде белгілеуге мүмкіндік беретін Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) енгізілді. АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкес болған кезде ОЦК проактивті форматта мемлекеттік қызметті алу ұсынысымен әлеуетті алушыға автоматты түрде SMS-хабарлама жібереді. Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.

Өзгелердің жаңалығы