Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 19 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 202 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 162 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 217 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
1 тамыздан барлығы ауырғандар - 40690, 423 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29814 жетті.