Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 3 наурыздағы ақпаратты жариялады.
3 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 304 адам коронавирус инфекциясынан (13 303 КВИ+ және 6 001 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 340 пациент стационарда, 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 243 адамның жағдайы ауыр;
• 42 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.