Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 14 наурыздағы ақпаратты жариялады.
14 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 973 адам коронавирус инфекциясынан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 232 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 33 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.