Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Екі адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 191 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.