Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 6 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 245 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 0, Алматы қаласында - 7, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 0, Ақтөбе облысында 0, Алматы облысында - 0, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 2, Қостанай облысында -1, Қызылорда облысында -0, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 0, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында - 0.