Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 29 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 675 жаңа жағдайы тіркелді, оның 673-і жергілікті және Түркия мен РФ-дан келген 2 адамнан вирус анықталды. Науқастардың 584 симптомдық белгілері бар және 91 симптомсыз.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 29 сәуір күні 333 адам емделіп шыққан, алайда ауруханаға тағы 400 науқас келіп түскен.
Барлық инфекциялық стационарларда 6 060 төсек-орыны бар, қазір онда 3 794 науқас бар, оның 108-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімінде – 239 адам жатыр.
5 477 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 861 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 616 симптомсыз,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ өткен тәулікте қала бойынша 6 623 адам вакцина алған. Оның ішінде 198 адам QazVac вакцинасымен егіліпті.
Ақпанның 1-нен 29 сәуірге дейін қала бойынша барлығы 209 197 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс істейді, 402 вакцинация бригадасында,1 809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, тағы 40 көшпелі мобильді бригада жұмыс істеп жатыр,-делінген хабарламада.