Өткен тәулікте Алматы облысында 19 оқушыдан «COVID-19» анықталды

16 Тамыз 2021, 13:10
5918
Бөлісу:
Өткен тәулікте Алматы облысында 19 оқушыдан «COVID-19» анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында эпидахуал оңғалар емес. Әсіресе жастар мен балалар арасында вирус жұқтыру жоғары болып тұр. Бұл туралы Жетісу медиа хабарлады.

Облыста әсіресе Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Кеген, Панфилов, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандарымен Талдықорған, Текелі қалаларында індеттің таралу деңгейі әлде қайда жоғары болып тұр. 

Облыста соңғы тәулікте 370 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Оның 36-сы 14 жасқа дейінгі баллар арасында анықталған. Сондай-ақ, 19 оқушының вирус жұқтырғаны расталды. Инфекциялық аруханада 617 адам емқабылдауда. Аурухана толымдылығы-44,1%,-делінген хабарламада.  

Айта кетейік, 618 034 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 482 437 тұрғын екінші рет вакцина алып үлгерген. Негізінен, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 679 255 дозасы келіп түскен болатын.

Өзгелердің жаңалығы