Өткен тәулікте 6 облыста, 1 қалада тұрғын үйден өрт шықты

Өткен тәулік ішінде өрт сөндірушілер Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 29 Қыркүйек 2024 2024, 08:25
29 Қыркүйек 2024 2024, 08:25
806
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Өткен тәулік ішінде өрт сөндірушілер Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күшімен 3 шаруашылық құрылыстың, 3 жеке тұрғын үйдің және 3 моншаның жануы сөндірілді.

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында өртті сөндіру кезінде 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

ТЖМ өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай екенін еске салады!

Наверх