Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын 114 адам жұқтырғаны тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 411 адам коронавирус инфекциясынан (–1 214+ және 197 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 7 адамның жағдайы ауыр, • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.