Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 18 ақпандағы ақпаратты жариялады.
18 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 994 адам коронавирус инфекциясынан (13 644 КВИ+ және 8 350 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 900 пациент стационарда, 17 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 255 адамның жағдайы ауыр;
• 40 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.