Өткен қателіктерге жол бермеу керек – сарапшы Жолдау туралы

3 Қыркүйек 2023, 13:19
2811
Бөлісу:
Өткен қателіктерге жол бермеу керек – сарапшы Жолдау туралы
Фото: спикердің жеке архиві

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының басқарма төрағасы–ректоры Ержан Әмірбекұлы Президенттің халыққа арнаған Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жолдауда еліміздің таяу болашақтағы дамуының негізгі бағыттары көрсетілген. Баяндамада мемлекеттің жағдайына, сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары мен перспективаларына талдау жасалды. Елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы принциптері әділеттілік, инклюзивтілік және прагматизм болмақ. Біз ұзақ мерзімді мақсат қоюдан бас тартуымыз керек. Өткен қателіктерге жол бермеу керек, - деді сарапшы.

Президент атап өткендей, Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы бәсекеге қабілетті артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға және негізгі өндірістік факторлардың әлеуетін ашуға негізделеді.

Мемлекет басшысының үндеуінде экономикалық, саяси және идеологиялық ережелерден бөлек, отандық кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік және әскери-өнеркәсіптік кешендерді, энергетиканы дамыту мен қолдауға, су ресурстарына қолжетімділік пен оның сапасына қатысты мәселелер қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған стратегиялық міндеттердің бірі – елімізді ІТ-елге айналдыру. Бұл орайда, цифрландыру мен инновация, жасанды интеллект, креативті және инклюзивті экономика мәселелері қозғалды, - деп айтты Ержан Әмірбекұлы.

Сондай-ақ Үкіметке бюджеттік саясат пен әлеуметтік сала мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Педагогикалық ұжымның ерекше назарын білім беру жүйесіне қатысты ережелер аударды. Атап айтқанда, әлеуетті қызметкерлермен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, техникалық және жұмыс мамандықтарын дайындау мәселелері. Сонымен қатар білім берудегі теңдікті қамтамасыз ету үдерісі назар аударуға тұрарлық. 5 жастан бастап балаларды қамтитын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі. Президент заң шығару жұмыстары бойынша нақты ұсыныстар айтты. Баршаны заңдылық пен қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз сақтауға, бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтауға шақырды. Расында, елімізді табысты ету, әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен дамыған елді құру тек өз қолымызда, - деп айтты институт ректоры.

Өзгелердің жаңалығы