Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы біршама төмендеді

Кеше, 22:48
192
Бөлісу:
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы біршама төмендеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексі 0,1%-ға төмендеп, жылдық өсу қарқынын нөлге түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды.

Нарықтық факторлардың ықпалына қарамастан, ӘМАТ бағасының өсуін нөлдік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік туды. Жедел әрі жүйелі шаралар қабылдай отырып, азық-түліктің 19 түрінің әрқайсысына бағаның ең төменгі өсуінің себептерін егжей-тегжейлі талдайтын өңірлермен маусымдық және апта сайынғы үкіметтегі кеңестер ӘМАТ бағасының өсуін нөлдік дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова көкөніс бағасының маусымдық төмендеуі басталғанын хабарлады. Өткен аптада сәбіздің бағасы 1,1%-ға, картоп – 0,6%-ға арзандады. Тауық жұмыртқасы (-0,5%), күріш (-0,2%), қант (-0,3%), айран (-0,4%), қарақұмық жармасы (-0,2%), бірінші сортты нан мен ұн (- 0,1%), сиыр еті (-0,1%) бағасының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар күнбағыс майының құны ұзақ уақыт төмендеуінен кейін 0,5%-ға, тұз (0,2%), май (0,3%) өсуі байқалды.

Алдағы уақытта Қазақстанға бидай импортына толық тыйым салудың енгізілуіне байланысты вице-премьер Азық-түлік корпорациясына қазақстандық және ресейлік бидай арасындағы ұн тартқыштар үшін баға теңгерімін теңестіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар фермерлердің Қытай тарапынан бидай импортын тоқтата тұру туралы шағымдарын ескере отырып, Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне осы мәселе бойынша ҚХР-мен келіссөздер жүргізу мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы барлық өңір маусымнан тыс уақытта көкөністердің күзгі өніміне жеткілікті көлемде келісімшарт жасағанын хабарлады. Өңірлер бойынша көкөністерге келісімшарт жасасудың жалпы көлемі күзгі маусымаралық кезеңге қажеттілік көлемінің 108%-дан 186%-на дейін құрайды. Енді көкөністер мен басқа да әлеуметтік азық-түлік өнімдерін қыс пен көктемгі маусымаралық кезеңге арналған тұрақтандыру қорларына сатып алу үшін өңірлерде жәрмеңкелер басталады. Біріншісі 16-17 тамызда Қызылордада, одан кейін Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы