Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге салық кодексіне жіті мән беруді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қателесуге қақыларың жоқ. Сондықтан жұмыс істеңіздер! Жалпы, әрине, мен реформаның қажет екенін растаймын. Бірақ қазір біздің алдымызда бизнес қорынан трансфертті азайту, оның жинақтау функциясын күшейту міндеті тұр. Қорда жинақталған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға болады. Бұл – басымдық, түсінікті. Осылайша біз мемлекеттің даму функциясын нығайтамыз. Дегенмен, мен қазір айтқанымдай, әсіресе әлеуметтік салыққа қатысты мәселені өте мұқият қарастыруымыз керек деп ойлаймын, - деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ұлттық валютаның жағдайы алаңдатып отырғанын айтты.