Перизат Қайраттың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайырымдылық қаражатын жымқыру ісі бойынша сотталған Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Даулетияров сот үкіміне шағым түсіретінін айтты.
Біз бұл үкімді негізсіз деп санаймыз. Сондықтан оны міндетті түрде шағымдаймыз. Барлық уәжімізді апелляциялық шағымда келтіреміз, – деді ол сот отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Сотталушылардың реакциясы туралы сұраққа адвокат қысқа жауап берді:
Реакциясы ауыр болды, - деді ол.
Дәулетияров апелляцияның сәтті болу-болмауына қатысты нақты пікір білдіруден бас тартты.
Мен әзірге шағымды дайындаған жоқпын. Бүгін ғана үкіммен таныстым, ал оның жазбаша нұсқасын әлі алған жоқпын, – деп толықтырды қорғаушы.
Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды.
Бас прокуратураның мәліметінше Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңгені заңсыз иемденген.
Сондай-ақ, Перизат Қайрат пен анасы 51 адамға 1,5 млрд теңге өтеуге міндеттелді.