Отбасын жүргізу көлік жүргізуден әлдеқайда қиын – психолог

20 Мамыр 2024, 15:07
1051
Бөлісу:
Отбасын жүргізу көлік жүргізуден әлдеқайда қиын – психолог
Фото: pixabay.com

Психолог Ержан Мырзабаев жастармен кездесуде отбасылық өмірге қатысты білім алудың маңызын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда тек қана 2023 жылы 120 мың неке тіркелген. Оларды құттықтаймыз. 120 мың той болды. Тойханалар жақсы бизнес жасады. Әжептәуір қалың мал алынды, берілді. Құдалар кездесті. Қанша азық-түлік алынды. Тамақ желінді, ішілді. Қонақ шақырылды. 120 мыңға соның бәрін көбейтіңіз. Мемлекетке қандай шығын жасалып жатыр. Ол отбасылардың сол жылы 40 мыңы ажырасты. Үштен бірі, - деді ол.

Психолог мәселенің барлығы оқымағаннан, білмегеннен туындап жатқанын айтады.

Төрт дөңгелекті бір темірді жүргізу үшін кем дегенде 3 ай оқимыз. Емтихан тапсырамыз. Жүргізуші куәлігін аламыз. Ол да бір сертификат."Мына кісі жол жүру ережелерін біледі, ешкімді соқпайды, басып кетпейді, аварияға түспейді, көлік жүргізе алады" деген. Ал отбасын жүргізу ол көлікті жүргізуден әлдеқайда ауқымды, қиын және жауапкершілігі мол. Сіздің отбасыңыздағы бір қателігіңіз, бір кемшілігіңіз, бір аварияңыз бір отбасының бұзылуы. Ол былай қарап тұрсаңыз, бүкіл қоғам үшін белгілі бір дәрежеде трагедия, - деді маман.

Ол сондықтан өзі құрған Отбасы академиясының курстарына бойдақтарға отбасылық өмірге дайындық ретінде, ал отбасылы адамдарға отбасын күшейту үшін қатысуға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы