Отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды: Әке ұлдарын атып тастады

Әкесі екі ұлдарын атып тастап, содан кейін тепкілеген.

 Haber Turk 29 Шілде 2025 2025, 20:42
29 Шілде 2025 2025, 20:42
8126
Фото: Haber Turk

Түркияда мұрагерлікке байланысты жанжал кезінде ер адам өз ұлдарына оқ атты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Habertürk-ке сілтеме жасап.

Оқиға Адана қаласындағы Сейхан ауданында болған. 69 жастағы Эрол Кёсе 42 жастағы ұлы Нихат Кёсені атып өлтіріп, 34 жастағы екінші ұлы Месут Кёсені ауыр жаралаған.

Куәгерлердің айтуынша, атыс мұраға байланысты жанжалдың салдарынан шыққан. Әкесі ұлдарын атып қана қоймай, одан кейін оларды аяқпен тепкілеген. Бұл сәттер бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Жараланғандарды көршілері шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Нихат алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ал Месутқа ота жасалып, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Эрол Кёсе үйінің маңында ұсталып, қамауға алынған. 

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиға орнынан қашып кеткен тағы бір ер адамды іздестіріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жамбылда жасөспірімге қол көтерген зейнеткер жазаланды

Наверх