Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамда «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс- қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына қатысты наразы пікірлер көптеп айтылуда, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.
Жақында ғана осы заңға қатысты біраз мәселелерді көтеріп жүрген екі азаматшамен кездестім. Пікір алмастық. Бұл заң қолданыста жүрген заң, оған енді енгізілмекші түзетулердің басым көпшілігі ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерімізге қайшы келетін баптар бар. Пікірталас осы өзгертулер арасында болып жатыр. Біздің отбасымыздың ішіндегі кейбір кейкілжіңдерді шетелдік ұйымдардың ақылынсыз өзіміз-ақ шешіп аламыз. Біздер отбасы зомблықтарында орын алатын салдармен емес, оны тудыратын себептермен күресуіміз керек. Бұл өте ауқымды мәселе. Отбасы құндылықтары мен институтын барынша нығайтуға жұмыс жасауымыз қажет. Олар: азаматтарымызды жұмыспен, пәтермен қамтамассыз ету арқылы тұрмыс жағдайларын жақсарту, тұлға қалыптастырушы институттар( мектеп, ЖОО, ұйымдар т.б.) тәрбие, отбасылық құндылықтар сияқты жұмыстарын барынша жандандыруды қолға алу. Келесі аптада бір топ парламент мүшелері осы заңға қатысты қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтармен кездесу өткізеді. Еліміз мен ұлтымыздың мүддесінен артық ешнәрсе жоқ. Сондықтан да бірлесе отырып жұмыс жасайтын боламыз, дұрыс шешімдер қабылданатына сіздерді сендіргім келеді, - деп жазды сенатор.