Елордалықтарға отбасы дəрігері қызметі тегін көрсетілді

18 Мамыр 2019, 16:55
2486
Бөлісу:
Елордалықтарға отбасы дəрігері қызметі тегін көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары №9 емханада медициналық тексеруден тегін өтіп қана қоймай, дәрігерлерден кеңес алды.

Шараның мақсаты – еліміздегі отбасы дәрігерлерінің қызметі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру.

«Ертең бүкіл әлем халықаралық отбасы дәрігері күнін атап өтеді. Отбасы дәрігері бір отбасының мүшелерінің денсаулығын қадағалайтын маман. Оның негізгі қызметі профилактикалық қызмет болып табылады. Біздің емхана Назарбаев университеті медицина мектебінің клиникалық базасы болғандықтан бүгінгі акция сол оқу орны студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылып отыр. Олар болашақ отбасы дәрігер болғандықтан осы күннен бастап біздің емханада тәжірибеден өтеді. Біздің дәрігерлер мен студенттер емханаға келген пациенттерге отбасы дәрігерінің қызметі мен маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізуде», - деді қалалық №9 емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлова.

Бас дәрігердің айтуынша бүгін 50-ге жуық адам тексерістен өткен.

«Сол сияқты шара барысында пациенттер арасында сауалнама жүргізу арқылы түрлі аурулардың алдын алуды қарастырудамыз. Себебі Қазақстанда өлімге апаратын негізгі 6 ауру түрі бар, соларға қарсы тексерістен өтіп және оны болдырмау мақсатын көздейді. Және біз осы секілді халыққа арналған медициналық шараларды өте жиі өткіземіз. Акция болатын кезде әлеуметтік желілер арқылы және қалалық денсаулық сақтау басқармасы арқылы алдын ала ақпарат жіберіп отырамыз. Яғни елордалықтар білсін, келіп тексерілсін деген мақсатпен. Бүгіндікке таңертеңнен бері 50 шақты адам келіп тексерілді», - деді ол. 

Аталған медициналық акция Назарбаев университетінің медицина мектебімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы