Отбасы банк су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа бағдарлама іске қоса ма

13 Мамыр 2024, 12:39
338
Бөлісу:
Отбасы банк су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа бағдарлама іске қоса ма
Фото: Мәди Искаков - архив

ОКҚ алаңында өткен брифингте су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға Отбасы банк қандай қолдау көрсете алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір біз әкімдіктермен бірге статистиканы есептеп жатырмыз. Осы азаматтардың (су тасқынынан зардап шеккен - ред.) арасында неше адам кезекте тұрғанын және оларды “Нұрлы жер” және “Бақытты отбасы” бағдарламалары бойынша бірінші өткізуге жоспарымыз бар, - деді Отбасы банк төрағасы Ляззат Ибрагимова.

Отбасы банк басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай былай деп қосты.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер - Батыс Қазақстан, Атырау облыстарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Облыстардың өз қаражаты есебінен өңірлік бағдарлама жасау қарастырылып жатыр. Келіссөз жүргізіліп жатыр, - деді Жансұлтан Матай брифингте.

Оның айтуынша, қазір өңір тұрғындарын қолдау үшін жұмыс істеп тұрған бағдарламалар сияқты бағдарлама жасауға болады. Яғни Отбасы банк әкімдік қаржы бөлсе, онда банк осы жұмыс істеп тұрған бағдарламалар аясында пәтерінен айырылған немесе баспанасы суда қалған азаматтарға көмектесе алады.

Еске салсақ, "Наурыз" бағдарламасы бойынша қанша адам өтініш беріп үлгергенін, осы бағдарлама бойынша кімдердің өтініші қабылданбағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы