Қазіргі уақытта Отбасы банктің ресми сайты да уақытша қолжетімсіз, себебі жүйеде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отбасы банк өз жүйесінде орын алған техникалық іркілістерге қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Банк таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта мобильді қосымша мен enpf-otbasy интернет-платформасының жұмысы уақытша тоқтатылған.
Бұған банктік сервистерді жаңарту және техникалық қызмет көрсету процесі себеп болған. Аталған жұмыстар бастапқы жоспардан ұзағырақ созылып жатыр.
Осыған байланысты банк бөлімшелерінде қызмет көрсету, Баспана маркет платформасы арқылы операциялар жүргізу, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы жасалатын қаржылық әрекеттер әзірге қолжетімсіз, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар байланыс орталығының қызметі де уақытша тоқтатылған. Банк өкілдері қалыпты жұмыс тәртібі техникалық жұмыстар аяқталған соң бірден қалпына келтірілетінін атап өтті.