Бірнеше күнге созылған техникалық ақауларға байланысты "Отбасы банк" ипотекалық қарызы бар клиенттер үшін төлем жасау мерзімін кейінге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Енді қарыз алушылар 2024 жылғы 7 қаңтар күні кешкі сағат 20:00-ге дейін ипотекалық міндеттемелерін орындауына болады.
Банктің мәліметінше, 1–6 қаңтар аралығында техникалық қиындықтарға байланысты төлем жасай алмаған азаматтарға қандай да бір айыппұл немесе өсімпұл қолданылмайды. Яғни осы күндерге белгіленген төлемдер қосымша қаржылық салдарсыз қабылданады.
Ипотекалық төлем мерзімі 1, 2, 3, 4, 5 немесе 6 қаңтарға белгіленген клиенттер үшін төлем жасау уақыты 7 қаңтар сағат 20:00-ге дейін ұзартылды. Осы кезеңде жасалған төлемдер үшін ешқандай өсімпұл мен айыппұл есептелмейді, – делінген банк таратқан хабарламада.
Сондай-ақ қазіргі таңда банктің мобильді қосымшасы толық қалпына келтіріліп, барлық сервистер әдеттегі режимде қайта іске қосылғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Отбасы банкінің сервистері уақытша істемей тұрғанын жазған болатынбыз.