Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысында айтты.
Президенттің Қазақстанды жан-жақты жаңару мен жаңғыруға бағытталған жаңа Жолдауын біз Қазақстанның әрбір отбасына, әрбір анасына арналған деп әділ және негізді қабылдаймыз. Отбасы, ана мен баланы қорғау мүдделері әрқашан Мемлекет басшысының назарында екенін атап өту керек, – деді Әзілханов.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы халық талап еткен реформаларды жүргізуді өзінің басым міндеттерінің бірі деп есептейді.
Президенттің жаңа саяси бастамалары елдің одан әрі дамуы, мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету және билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы қоғамдық келісімді нығайту мүддесінде саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүргізуге бағытталған. Бұл бағыт пандемиядан бастап қазіргі жаһандық дағдарысқа дейінгі түрлі сын – қатерлер мен қауіптерге қарамастан жүйелі және тұрақты түрде жүргізіледі, – деп атап өтті Марат Әзілханов.
ҚХА Аналар кеңесінің жұмысы туралы айта келе, спикер халықтың түрлі топтарын мақсатты қамту үшін аналардың әлеуетін тартудың маңыздылығына назар аударды.
Бүгін біз «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруды ресми түрде бастап отырмыз. Жоба аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының кең спектрінің өзара іс-қимылының тиімді синергиясы қамтамасыз етілетін болады. Бұл жобада біз отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баса назар аударамыз, – деп мәлімдеді Ассамблея төрағасының орынбасары.