Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Otaufest жас отбасылар фестивалі өтіп жатыр.
Фестиваль онлайн форматта өтуде. Оған 29 жасқа дейінгі жас отбасылар белсене қатысып жатыр.
Фестивальді «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоғамдық қорымен» серіктестікте «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені» мемлекеттік гранты шеңберінде өтуде.
Сондай-ақ, Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараға «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетті.
Фестиваль аясында танымдық іс-шаралар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, гендерологтардың, отбасылық психологтардың, балалар психологтарының, педиатрлардың, андрологтардың кеңестері айтылады.
Фестивальдің мақсаты - жастар арасында отбасы институтын және отбасылық құндылықтарын нығайтуға ықпал ету, оларды насихаттау, бір ұяның мүшелерін жақындастыру және біріктіру.